Таеквондошы Смайыл Дүйсебай әлемдік рейтингте үздік үштікке ілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық таеквондо федерациясы наурыз айындағы жаңартылған олимпиадалық рейтингісінде қазақстандық спортшы Смайыл Дүйсебай үздік үшінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таеквондошы Смайыл Дүйсебай әлемдік рейтингте үздік үштікке ілікті

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, әлемдік рейтингке өзгеде спортшыларымыз іліккен.

Олар:

Смайыл Дүйсебай (+80 келі): әлемдік рейтинг (3 орын), олимпиадалық рейтинг (11 орын)

Жансель Дениз (+67 келі): әлемдік рейтинг ( 7 орын), олимпиадалық рейтинг (12 орын),

Руслан Жапаров (+80 келі): әлемдік рейтинг (14 орын), олимпиадалық рейтинг (20 орын).

Нұрлан Мырзабаев (80 келі): әлемдік рейтинг (25 орын), олимпиадалық рейтинг (36 орын).