Таеквондошы Жансель Дениз Олимпиада лицензиясын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Манила (Филиппины) қаласында өтіп жатқан азиялық іріктеу турнирінде Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. Бұл туралы WTF Қазақстандық таеквондо федерациясының ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасынан хабарланды.

Таеквондошы Жансель Дениз Олимпиада лицензиясын ұтып алды

Жартылай финалда Дениз Вьетнам спортшысын жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Еске сала кетейік, WTF іріктеу турнирінің ережелері бойынша финалға шыққан спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алады.

Осыған дейін бұл турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі Руслан Жапаров Олимпиада лицензиясына қол жеткізген.