Таганрог тұрғыны қолдан танкі жасап, 130 мың рубльге сатпақ болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарнамалар орналастыруға мамандандырылған Avito онлайн-порталында Таганрог тұрғыны қолдан жасалған танкі сататыны туралы хабарлама орналастырған.

  Таганрог тұрғыны қолдан танкі жасап, 130 мың рубльге сатпақ болған

Т-34 көшірмесін таганрогтық шебер 9 мамырда достарымен бірге жасап шығарған. Олар «ВАЗ-2106» машинасына металл раманы дәнекерлеп, діңгекпен мұнара жасаған. Кеңестік соғыс машинасына толықтай ұқсауы үшін танкіні жасыл түске бояп, оған қызыл жұлдыз орнатқан.

Олардың жұмысы ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арналған жыл сайынғы қолдан жасалған әскери техникалар байқауында жүлде алып, Т-34 танкін жасаған шебер сол кезде пансионатқа 3 күнге жолдама алған болатын, енді оны сатып пайдаға кенелмек.

Өз туындысын ол 130 мың рубльге бағалаған.