Таганрогте қыздың басын шапқан гильотина-қоңыраулы сағат туралы ақпарат тарады

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Таганрог қаласының ақпарат құралдары белгісіз өнертапқыш гильотина-қоңыраулы сағат ойлап тауып, туындысын жарнамалағысы келіп, бойжеткеннің қатысуымен фотосессия жасау кезінде сағат-гильотина қыздың басын шауып түсіргені туралы шулы ақпарат таратты.

Таганрогте қыздың басын шапқан гильотина-қоңыраулы сағат туралы ақпарат тарады

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

vesti.ru хабарлағандай, өнертапқыш қоңыраулы сағатын «ең қауіпті қоңыраулы сағат» сайысына алып шықпақ болған. Әдемі сурет жасау үшін ол жарнамаға өзінің танысын - Таганрог қаласының тұрғынын жалаңаш күйінде түсіріп алғысы келеді. Гильотина түріндегі қоңыраулы сағатты ол қыздың басының үстіне жақсылап бекітіп қояды, бірақ гильотина үзіліп кетіп, қыздың басын шауып түседі. Бассыз қалған бойжеткеннің денесін оның туыстары тауып, полицияға хабар береді. Өнертапқыш қашып кеткісі келген, бірақ полиция оны ұстап алады. Аталған оқиғаға байланысты «Абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы оқиғадан кейін «бұл біреудің ойлап тапқан әзілі» деген ақпарат тараған. Ростов облысы ІІД-дегілер Таганрогте мұндай оқиға тіркелмегенін, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.