"Тағдырды өзгерткен репортаж" атты халықаралық байқау жарияланды

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Еуразия Медиа-Орталығы», Халықаралық журналистік одақ конфедерациясымен бірігіп "Тағдырды өзгерткен репортаж" атты фотожұмыстар мен телесюжеттерге және деректі фильмдерге халықаралық байқау жариялады,

"Тағдырды өзгерткен репортаж" атты халықаралық байқау жарияланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара Мәскеудегі ЮНЕСКО Бюросының және Халықаралық телевидение және радио академиясының қолдауымен төртінші рет өткелі отыр. Байқау 3-ші мамыр - Бүкіләлемдік баспа еркіндігі күніне арналған.

Биылғы жылғы байқауға бірінші рет ұйымдастырушылардың шешімімен Ресей, Балтық және ТМД елдері ЖОО журналистика факультетінің студенттері қатысады. Студенттік жұмыстарға арнайы "Дебют" сыйлығы тағайындалған. Телевизиялық жұмыстарды саралайтын әділқазылар алқасын Халықаралық телевидение және радио академиясының президенті Анатолий Лысенко және фотограф- журналист, "Новая газетаның" шолушысы Юрий Рост басқарады.

Байқаудың лауреаттары мен дипломанттары Мәскеуге шақырылады. Марапаттау рәсімі мамырдың 3-і күні Орталық журналистер үйінде өтеді. Сол жерде жеңімпаздардың жұмыстары көрмеге қойылып, көрермен назарына ұсынылады.