Тағы бір ақаулы ұшақ Ақтау әуежайына қонды
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы - Анталья бағытындағы Airbus A321 ұшағы ақауына байланысты Ақтау әуежайына қонды. Оқиғаның мән-жайын Air Astana әуе компаниясы хабарлады.
– 8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кетті. Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақауы себеп болды, - деп жазылған ресми хабарламада.
Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды.
Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылып жатыр.
Еске сала кетсек, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған еді.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.
Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясы.