Тағы үш қазақстандық боксшы қыз кіші әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» қазақстандық тағы үш қыз аталған турнирдің финалына шықты.

Тағы үш қазақстандық боксшы қыз кіші әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Атап айтсақ, 57 келіде жұдырықтасып жүрген отандасымыз Айдана Забынбекова жартылай финалда Түркия боксшысы Асюде Эдиз Эченыден айласын асырды.

Ал 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Римма Волосенко Италия өкілі Ребекка Николиды 5:0 есебімен жеңіп, ақтық сынға өтті.

+81 келі салмақтағы боксшымыз Ләззат Күнгейбаева да финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда түркиялық боксшы Сейма Дузташты ұтты. 

Енді ол финалда 2 наурыз күні бұл салмақ дәрежесінде ақтық сынға жекпе жексіз өткен Дина Исламбековамен чемпиондықты сарапқа салады.

Бүгін кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің екі сессиясында Қасзақстан атынан 13 бұрымды боксшы финалдық кезеңге өту үшін жарысты жалғастырып жатыр. 

Странджа турниріндегі ерлер арасындағы жартылай финалға 18 боксшы шыққан болатын. Олар ертең, яғни наурызға жоспарланған. Ал әйелдер арасында ақтық сынға өткен спортшылардың есімі бүгін, яғни 1 наурыз күні финалдық жолдаманы сарапқа салады. 

Сондай, осыған дейін тағы екі қазақстандық бұрымды боксшы финалға шыққан болатын

Соңғы жаңалықтар