Тағы 124 қазақстандық Польшадан елге ұшып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР сыртқы саяси ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, Польшадағы біздің елшілік азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша жағындағы шекарада тәулік бойы дипломаттар кезекшілігін ұйымдастырған.

Air Astana әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты.

Атырауға техникалық қону қажеттілігінен кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовице қаласында ҚР азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.




Соңғы жаңалықтар