15:35, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Тағы бір Еуропа елінің президенті Сочиде өтетін Олимпиадаға бойкот жариялады
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің саясатынан Литва Президенті Даля Грибаускайтенің Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі болмай отыр.

Бұл туралы Delfi порталына сілтеме жасап, РБК хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама, Франция басшысы Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркельдің Ресейде өтетін Олимпиадаға бармайтыны белгілі болды, бірақ олар бойкот жариялағанын тікелей мәлімдемеді.
Ал тағы бір Балтық жағалауы елі - Латвияның президенті Андрис Берзиньш мұндай бойкот жариялау «қырғи қабақ соғыс» рухын көрсететін атап айтып, Сочиде өтетін Олимпиадаға баратынын мәлімдеді.
Бұдан бұрын, Германия президенті Йоахим Гаук және Еуропа комиссиясының вице-президенті Вивиан Рединг Ойындарға бойкот жариялаған болатын.