Тағы бір қазақстандық теннисші Астанадағы Челленджер турнирінде жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жүлде қоры 100 000 американдық долларды құрайтын Челленджер сериясы бойынша «Президент Кубогы» турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы айналым матчында 19 жастағы қазақстандық Дмитрий Попко 6:4, 2:6, 1:6 есебімен 29 жастағы ресейлік квалифайер Антон Зайцевтен жеңілді.
Сонымен бірге, отандық ұйымдастырушылардан wild card алған ардагер теннисші Алексей Кедрюк 1:6, 0:6 есебімен хорватиялық Анте Павичтен жеңіліп, сайыстан шығып қалды.
Бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында Денис Евсеев жарыстан шығып қалған болатын.