Тағы бір қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатынан алтын алды

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Велоспортшы Евгений Федоров Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына тағы бір алтын әкелді, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

Ерлер арасында жекелей сында элита санаты бойынша қазақстандық Евгений Федоров топ жарды.

Ол 24 шақырымды 28 минут 45,197 секундта бағындырды.

Екінші орынға жапониялық Нариюки Масуда (+51,548) жайғасса, өзбекстандық спортшы Мураджан Халмұратов (+1:13.094) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, велоспорттан Азия чемпионаты Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар