Тағы бір спортшымыз Олимпиада жүлдесі жолында сүрінді

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзгіш Александр Тарабрин біліктілік сайысынан аса алмай, 100 метрге шалқалай жүзуде жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлады  Vesti.kz.

Тағы бір спортшымыз Олимпиада жүлдесі жолында сүрінді

Бұл қашықтықты 55,55 секундта жүзіп өткен спортшымыз  38-ші орынға тұрақтады. Ал жартылай финалға үздік 16  спортшы шықты. Олардың арасында американдық Мэтью Греверс  52,92 секундтық нәтижемен үздік танылды.