Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тағы екі қазақстандық Олимпиаданың финалына шықты

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық Колмаков пен Рейхерд могулдан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Тағы екі қазақстандық Олимпиаданың финалына шықты

Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд 81.23 көрсеткішімен үштікті түйіндеді. 86.07 ұпай жинаған канадалық Микаэль Кингсбери көш бастаса, екінші орынды - ресейлік Александр Смышляев (83.93) иеленген.

Сондай-ақ, қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков іріктеу сайысында 79.98 ұпаймен жетінші орын алып, финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында могулдан қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева финалға жолдама алған еді. 
null null


null


null

null

null


null  

Фото: Изтурган Алдауев
Басты фото: "ҚазАқпарат" коллажы