Тағы үш жол учаскесінде көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тағы екі облыста көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтожол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«СҚО-да «Көкшетау-Рузаевка» тасжолының Ақмола облысының шекарасы мен Рузаевка ауылы арасында және «Қарасай Батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» 0-24 шақырым аралығында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.
Ақмола өңірінде Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралықта жол қозғалысына салынған шектеу алынды. Қостанай облысында жеңіл көліктер үшін «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығы ашық» делінген хабарламада.

Бұған дейін екі облыста жол ашылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram