Таиланд әскері елдегі саяси дағдарысқа араласудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд әскерінің Бас қолбасшысы елдегі зорлық-зомбылық әрекеттерінің белең алуына қарамастан әскер мемлекеттегі саяси дағдарысқа араласпайтынын мәлімдеді.

Таиланд әскері елдегі саяси дағдарысқа араласудан бас тартты

Өзінің үндеуінде генерал Прают Чаноча қақтығыстарға көптеген түрлі топтар қатысып жатқандығын және қайсысы кімнің жағында екенін ажырату қиын екенін атап өтті.

Байқаушылардың пікірінше, таиландтық әскер елдің Премьер-министрі Йинглак Чинаваттың отставкасын талап етіп отырған оппозиция өкілдеріне тілектестік білдіріп отыр.