09:11, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Таиланд астанасында жарылыс болды, кем дегенде 6 адам жапа шекті
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Таиландтың тәртіп сақшылары кемінде 6 адам зардап шеккен ел астанасы Бангкокта болған жарылыстың себептерін тергеуде.

Бұл туралы Би-Би-Си жазып отыр.
Жергілікті БАҚ-тың болжамынша, әңгіме қолдан жасалған бомбада болып отыр. Жарылыс 26 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де халық көп жүретін көшелердің бірінде орын алды.
Жарылыс орнында оқ-дәрінің іздері және шегелер табылды. Жарақаттанғандардың екеуінің жағдайы тым мүшкіл. Жарылыс салдарынан екі ғимарат және көше бойындағы бірнеше сауда орны бүлінді.