Таиланд ЕАЭО-ға қосылуға әзірлік жүргізіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуға дайындалуда, деп хабарлады «Nation» газеті Корольдіктің Сыртқы істер министрі Дон Прамудвинаидің сөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы «ТАСС» агенттігі жазды.
«Ресей Таиландтың ЕАЭО-ның жаңа мүшесі болу өтінімін қолдауға уәде берді», - деп жазады басылым министрдің сөздерін.
Бұған дейін ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Дон Прамудвинаи Таиланд билігі ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруды таразылап қойғанын, алайда Бангкок үшін қажетті ішкі процедураларды сақтап, келіссөздерге кірісу үшін белгілі бір уақыт қажет екенін жеткізген.
Таиланд СІМ-нің басшысы Бангкок ЕАЭО-ны әлеуетті сауда серіктес ретінде бағалап отырғанын айтқан.