Таиланд халқы 70 жыл бойы ел билеген королімен қоштасып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Таиландта бір жыл бұрын қайтыс болған Пхумипонның мәйітін өртеп, күлін көму рәсімі, яғни кремация өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-қа сілтеме жасап.
Таиланд халқы бір жыл бұрын көз жұмған болған король Пхумипон Адульядетке арналған бес күндік қаралы шараға - кремация рәсіміне дайындалып жатыр. Бейсенбі күні таңертең бір жыл бұрын көз жұмған монархтың бальзамдалған денесі Үлкен корольдік зембілге қойылды. Аталмыш рәсімге марқұмның ұлы және Таиландтың қазіргі королі Маха Ватчиралонгкон басшылық етті.
Айта кетейік, Таиландты 1946 жылдан бері басқарған Пхумипон Адульядет 2016 жылдың 13 қазанында қайтыс болған еді. Оның бальзамдалған денесі бір жыл бойы Патша сарайының тақ залында сақтаулы тұрған.