Таиланд ханшайымы тақтан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд королінің мұрагері, ханзада Махи Вадчиралонгкорнның әйелі ханшайым Срирасми өзінің ханшайымдық титулынан бас тартты. Корольдік отбасының баспасөз қызметі оның себебін айтпады, деп жазады Би-би-си.
None
None

Жергілікті БАҚ бұл ажырасу үшін жасалған қадам деп отыр.

Осыған дейін ханзада ханшайымның туыстарын король жанұясының мүшесі болу құқығынан айырған. Ханзаданы мұндай әрекетке олардың ойын бизнесі және контрабандамен айналысатын қылмыстық топқа қатысы бар деген күдіктің пайда болуы итермелеген.

Тақ мұрагері өзінің үшінші әйелімен бірге тұрмайтыны белгілі. Оның үш некеден жеті баласы бар. Солардың үшеуі ғана корольдік титулға ие.

Ханзада Вадчиралонгкорн өзінің 87 жастағы әкесі, король Пхумипон Адульядеттің орнын басады.

Соңғы жаңалықтар