Таиланд Өзбекстан азаматтары үшін визасыз режимді тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары Таиландқа бару үшін алдын ала кіру визасын рәсімдеуі қажет, деп хабарлайды Өзбекстанның Бангкоктағы Бас консулдығы.

Таиланд отменяет безвизовый режим для граждан Узбекистана
Фото: Kazinform/ИИ

2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары үшін Таиландқа визасыз кіру режимі тоқтатылады.

Таиланд Корольдігі Үкіметінің шешіміне сәйкес, елге баруды жоспарлап отырған Өзбекстан азаматтары алдын ала кіру визасын рәсімдеуі қажет.

Ол үшін Таиланд Корольдігінің электронды визаға арналған ресми порталында электронды визалық сауалнаманы толтыру қажет.

Сауалнаманы толтырғаннан кейін визалық алымды төлеу үшін Таиланд Корольдігінің Ресей Федерациясындағы Елшілігіне, яғни Мәскеудегі дипломатиялық өкілдікке бару қажет.

Осылайша, 15 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары бұған дейін қолданыста болған визасыз режим аясында Таиландқа кіре алмайды.

Осыған дейін Таиланд Еуропалық Одақ елдерінің туристері үшін визасыз болу мерзімін 30 күнге дейін қысқартатынын хабарлаған болатын.