Таиланд Парламенті жаңа король сайлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд ұлттық заң шығарушы жиналысы сейсенбі күні арнайы отырыста бұрынғы король Пумпион Адулялет қайтыс болғаннан кейін оның орнына мұрагер ханзада Маха Вачиралонгкорнды қабылдау үдерісін бастады. Бұл туралы The Bangkok Post-қа сілтеме жасап РБК хабарлады.
Парламенттер арнайы сессия кезінде спикер Помпет Вичитчончай мұрагерді орынтаққа отыруға шақырды. «Жиналған қауым елдің жаңа басқарушысын қолдап, «Жасасын король» деп айғайлады. Вачиралонгкорнның өзі жиналысқа қатысқан жоқ», делінген хабарламада.
Үкімет бір-екі күнде ханзададан аудиенцияны алады, деп хабарлады Тайланд қорғаныс министрі Правит Вонгсуван. Екі лауазымды әскери қызметші Reuters-пен сұхбатында ханзада Германиядан Таиландқа ұшып келетінін айтты.
Таиланд королі Пумипон Адульядет 88 жасына қараған шағында 13 қазанда қаза тапты. Соңғы жылда король бірнеше рет түрлі аурулардан емделді.