Таиланд пен Камбоджаның арасындағы қақтығыс қайта басталды

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Жұма, 29 сәуір күні Таиланд пен Камбоджа әскерлері қарулы қақтығысты қайта бастады.

Таиланд  пен  Камбоджаның арасындағы қақтығыс  қайта басталды

Осының алдында ғана шекара қақтығысы ауданындағы атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қарамастан жағдай осылай өрбіді. Бұл туралы батыстың бұқаралық ақпарат құралдары екі елдің қарулы күштерінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Атыс-шабыс даулы аумақта орналасқан Та Краби храмының маңында орын алуда.

Таиландтың премьер-министрі Апхисит Ветчачива осыдан бір күн бұрын мәлімдеме жасап, атыс-шабысты іс жүзінде тоқтату қиынға соғатынан, себебі камбоджалық тарап келіссөзге шақырумен қатар, «таиланд аумағына оқ жаудыруды тоқтатар емес».

Екі жақтың да таласы бар буддистік храм Дангрек тауының шыңында, екі елдің шекарасында орналасқан. 1962 жылдан бері аумақ Камбоджаға тиесілі, бірақ тайлықтар осы онжылдықтардың ішінде храм кешеніне иелік етуге тырысып келеді.