Таиланд үкіметі босатқан Ил-76 ұшағының экипаж мүшелері Алматыда келді

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Таиланд үкіметі босатқан Ил-76 ұшағының экипаж мүшелері бүгін Алматыда келді,

Таиланд  үкіметі босатқан  Ил-76 ұшағының    экипаж мүшелері Алматыда  келді

деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратып отырған хабарламада: «2010 жылы ақпанның 11-інде Таиланд Корольдігінің Соты Таиланд Бас прокурорының ұсынысымен, қару-жарақ тасымалдауға қатысты бар деген айыптау бойынша 2009 жылы желтоқсанның 11-інде ұсталған Ил-76 ұшағы экипажының мүшелері: Қазақстан азаматтары И.И.Ысқақов, В.С.Шумков, В.Н.Абдуллаев, А.А.Зрыбневке және Беларусь азаматы С.Петуховқа қатысты сот өндірісін аяқтау туралы қаулы қабылдады», - делінген.

Ақпанның 12-сінде Таиланд өкіметі Ил-76 ұшағы экипажының мүшелерін - Қазақстан және Беларус азаматтарын қамаудан босатты. Олар бүгін, ақпанның 13-і күні Алматы қаласының әуежайына келіп қонды.

Қазақстандық арнайы қызметтер экипаж мүшелерінің өздері тасымалдаған жүктің сипаты жайлы хабардар болған-болмағаны жайлы олардан жауап алатын болады. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы кейіннен Таиланд тарапы хабардар етіледі, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.