01:45, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
Таиланда екі пойыз соқтығысып, салдарынан 20-дан астам жолаушы жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланда Бангкоктың солтүстігіне қарайғы бағытта екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды.

Апат бейсенбі күні кешке Аюттхая орталық провинциясында орын алған, деп хабарлайды Associated Press. Полиция мәліметінше, 22 адам жеңіл-желпі жарақаттанған, ал пойыз машинисті мен механигі ауыр халде жатыр. Өз кезегінде Таиланд мемлекеттік темір жолының өкілдері Facebook желісіндегі парақшасында пойыздардың бірі алдында келе жатқан составқа соғылып қалғанын хабарлайды. Екі пойыз да Бангкоктан шығып, елдің солтүстігіне қарай бет алған.