Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына қырағы және абай болуға кеңес берілуде

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі дипломатиялық миссиясының ақпараты бойынша, елдегі саяси ахуалдың тұрақсыздану қаупін негізге ала отырып, бірқатар елдер Таиландтағы өз азаматтарына осы елге сапарлары барысында абай болуға кеңес беруде,

Таиландқа  сапар жоспарлап отырған  Қазақстан   азаматтарына    қырағы және абай  болуға кеңес берілуде

деп хабарлайды Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Таяуда Таиландқа жол жүруді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына, Бангкокта қалыптасқан жағдайға байланысты қырағы және абай болу, манифестациялар өтетін жерлерге бармау, ал штаттан тыс жағдайларда Таиландтағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясына және өз туроператорларына хабар беру туралы кеңес беріліп отыр.