Таиландта 100-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Таиландта 100-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Ростбалт хабарлады.
None
None

Таиланд төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, елде соңғы екі айдан бері жалғасқан су тасқыны бір жарым миллионнан астам адамды әбігерге салды.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны Таиландта 25 шілдеде басталды. Табиғат апаты елдегі 27 провинцияның 20-сын: Пхре, Чиангмай, Сукхотхаи, Нан, Лампхун, Лампанг, Мехонгсон, Уттхарадит, Пхичит, Пхитсанулок, Так, Накхон Саван, Накхон Патхом, Нонг Кхаи, Удон Тхани, Бангкхан, Саконнакхон, Лэй, Пхетчабун және Прачуаб Кирикхан провинцияларын қамтыды.

Кейбір провинцияларда туристер жиі баратын нысандар бар. Бұл аудандарда су тасқыны басталғаннан кейін оларға бару шектелді.

Соңғы жаңалықтар