Таиландта 13 жарылыстан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың оңтүстігіндегі Яла және Наратхиват провинцияларында түнде 13 жарылыс болып, бір адам ажал құшты, жарақаттанғандар да бар. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.

Таиландта 13 жарылыстан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды

Лаңкестердің нысанына мектептер мен дүкендер іліккен. Олардың көпшілігінде жарылыстан кейін өрт шығып, электр желілері зақымданды. Құқық қорғау органдары бұл әрекетке Ислам дінін ұстанатын оңтүстік аймақтың бөлінуін қалаған сепаратистер барып отыр деп санайды.