Таиландта А/H1N1 вирусын жұқтырған нәресте туылды

АСТАНА.  Шілденің 28-і.  ҚазАқпарат -  Таиландта   «доңыз тұмауы» вирусы  жұққан     нәрестенің   туылу  оқиғасы   тіркелді. Бұл  Таиландта   тіркелген осындай  алғашқы оқиға, 

Таиландта  А/H1N1 вирусын  жұқтырған  нәресте   туылды

деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме  жасап.

Дәрігерлер      тұмауды  жұқтырған    24 жастағы  келіншектің  ішіндегі 7 айлық баласын    операциямен алуға  мәжбүр болған.   Баланың  жағдайы   тұрақты деп  бағалануда.   Дәрігерлер,   А/H1N1  вирусы  балаға анасының  жатырында  жұққан деп пайымдап отыр.

Ал АҚШ-та  осындай  үш оқиғаның  тіркелгенін   айта кету керек.