Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Таиландта әлемдегі ең қорқынышты қолтырауындар аттракционы жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Чонбури провинциясындағы туристтер қызмет көрсететін қолтырауын фермасындағы қорқынышты аттракцион жабылды.

Таиландта әлемдегі ең қорқынышты қолтырауындар аттракционы жабылды

The Mirror газетінің жазуынша, туристер темір торлы салға отырып тоғанда толып жүрген қолтырауындарды тамақтандырған. Адамдарды жыртқыш аңдардан шағын қоршау ғана қорғаған.

Осындай суретті Tуиттерге такси жүргізушісі Джон Хок жариялап,  қорқынышты аттаркционды полиция мен шенеуніктерге тексеруді ұсынған.

Суреттер ғаламтор пайдаланушыларының жағасын ұстатып, ашу-ызасын тудырған.

Бұдан кейін полиция мен жергілікті билік қолтырауын фермасын тексеріп, оның жұмысын үш айға тоқтатты.  

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аттракцион үш жыл бойы істеген. Ферма иесі бизнесін қауіпсіз деп отыр, ол: «Қайыққа 15 адамнан көп туристі шығармаймыз. Олардың қауіпсіздігін мұқият қадағалаймыз», деді. Екі тоғанға бөлінген фермада  4 300-ден астам қолтырауын бар. ОБір тоғанда олар тамақтандырылса, екіншісіне көбеюіне жағдай жасалған.