Таиландта алғаш рет MERS вирусы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта алғаш рет MERS (таяушығыстық респираторлық синдром) вирусын жұқтырған адам анықталды. Оны 75 жастағы Оман елінің азаматы жұқтырған, деп хабарлайды РИА Новости.

Таиландта алғаш рет MERS вирусы анықталды

Сарапшылар MERS вирусы қазіргі уақытта Таяу Шығыс пен Сауд Арабиясында таралған деп шамалап отыр. Олардың пікірінше, бұл вирусты бастапқы кезеңінде анықтау өте қиынға соғады. Себебі, оның жалпы белгілері тұмаудың белгілеріне тым ұқсас. Тек ауру белгілі бір деңгейіне дейін жеткенде ғана вирустың шынайы белгілері байқала бастайды. Оңтүстік Кореяда аталған вирустан 24 адам көз жұмды. Барлығы 166 адам аталған вирусты жұқтырған.