Таиландта азаматтық соғыс туралы ескерту жасалды

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таиланд әскерінің басшысы Праютх Чан-оча егер де ақпанға белгіленген сайлау қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыс ахуалымен өтсе, елде азаматтық соғыстың оты тұтануы мүмкін дегенді ескертті.
None
None

Генерал билік пен оппозиция тараптарын келіссөздер үшін кездесіп, ымыраға келгеннен кейін ғана сайлауды өткізуге шақырды.

Бұл елде бір айдан астам уақыт бойы премьер-министр Йинглак Чинаваттың оставкасын талап етіп жүрген оппозиция жақтастарының наразылық акциялары жалғасуда.

Айта кетейік, жақында премьер мерзімінен бұрын парламентті таратып жіберіп, осыдан кейін оның үкіметі 2014 жылдың 2 ақпанына белгіленген жаңа сайлауға дейін уақытша қызмет атқаруда.

Соңғы жаңалықтар