Таиландта ереуілшілер премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етуде
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бангкокте оппозиция өкілдері елдің премьер-министрі Йинглак Чинаваттың отставкаға кетуін талап етіп, сайлау учаскелерін басып алды, деп хабарлайды utro.ru.
Келесі аптаның аяғында Таиландта мерзімінен бұрын сайлау өтуі тиіс болатын. Ереуілшілер сайлау өтетін мекемелерді басып алды. Олар премьердің отставкасынан бөлек, елдің саяси жүйесін реформалауды талап етіп отыр.
Осы орайда, Таиландтың электоралдық комиссиясы 2 ақпанға белгіленген сайлаудың мерзімін басқа күнге ауыстыруды сұрады.