Таиландта ішінде туристер отырған автобус жартастан құлап, оның салдарынан 10 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың солтүстігінде ішінде қытайлық туристер отырған автобустың жартастан құлауы салдарынан кем дегенде 10 адам ажал құшты, деп хабарлайды CCTV телеарнасы Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Таиландта ішінде туристер отырған автобус  жартастан құлап, оның салдарынан 10 адам ажал құшты

Ішінде 25 жолаушы отырған автобус жартастан басқа көлік құралымен соқтығысудан кейін құлады. Оқиға елдің солтүстігіндегі Чиангмай қаласында орын алған, деп жазады РИА Новости .