Таиландта иттер үй иесін әпжыланнан құтқарып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде төрт иттің өз иесін корольдік кобрадан құтқарып жатқан видеосы пайда болды. Бұл туралы Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап ria.ru хабарлайды.
Ұзындығы екі жарым метрге жететін улы жылан Таиландтың Пхитсанулок провинциясында тұратын әйелдің бау-бақшасына кірген. Үй жануарлары кобраға атылып, оның шағуына жол бермей, қуып салғылары келген. Иттердің арқасында жылан үйден шыққан.
Басылым атап өткендей, корольдік кобралар бір шаққаннан өлтіруі мүмкін, алайда олар адамдарға жақындамайтын көрінеді.