Таиландта коменданттық сағат алынып тасталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі әскери төңкерістен соң кешкі уақытта тұрғындарға көшеге шығуға тыйым салынған еді. Кеше мемлекеттің әскери басшылығы елде тыныштық орнағаннан соң коменданттық сағатты алып тастау туралы шешімге келді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
- Елдің бүкіл аумағында тыныштық сақталып, жағдай орнықты. Сондықтан коменданттық сағатты алып тастау туралы шешім шықты, делінген Ұлттық бейбітшілік және тұрақтылық кеңесінің мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, әуелде халыққа кешкі 10-нан таңғы 5-ке дейін көшеге шығуға тыйым салынған. Кейін бұл уақыт 00:00-ден таңғы 4-ке дейін қысқарған.