17:15, 27 Ақпан 2023 | GMT +5
Таиландта көз жұмған әнші Дархан Жүнісбековтің мәйіті ертең Алматыға жеткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең Алматыға Таиландта жол апатынан көз жұмған әнші Дархан Жүнісбековтің мәйіті жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ертең Алматыға марқұмның мәйіті Air Astana әуе компаниясының ұшағымен жеткізіледі. Барлық шығынды аталған компания өзіне алды. Ақша жинауға қатысты түсінік берген жөн болар, продюсердің айтуынша, бүгінге дейін жиналған барлық қаражат қайтыс болған отандасымыздың туыстарына беріледі», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингі барысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 ақпан күні Таиландта Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбеков өмірден өткені белгілі болды.
Сол күні жанкүйерлері Алматыда оны еске алды.
Әншінің аяқталмаған альбомы жарыққа шығатыны хабарланды.