Таиландта лаңкестер 6 мектепті өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Паттани провинциясында 6 жалпы білім беретін мектеп өртенді. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Таиландта лаңкестер 6 мектепті өртеп жіберді

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өртті елдегі лаңкестік топтар жасаған. Бұған дейін содырлар оқытушыларды ресми биліктің жақтасы деп айыптап, бірнеше рет шабуыл жасаған болатын.

Қазір өртке байланысты тергеу басталды.

Таиландтың оңтүстігінде бірнеше сепаратистік топ әрекет етеді. Олар үкімет әскеріне қарсы ондаған жылдардан бері күрес жүргізіп келеді. Осы уақфт аралығында Яла, Паттани және Наратхиват провинцияларында 6 мыңнан астам құрбан болды.