Таиландта наразылық білдірушілер үкіметтік ғимараттарды қоршауға алды
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокте наразылық білдірушілер ел үкіметінің отставкасын талап ету мақсатымен үкіметтік мекемелердің,
телекомпаниялардың және бас полицейлік басқарманың ғимараттарын қоршауға алды.
Наразылық топты көзді жасаурататын газ және суатқыш құралдармен тоқтатуға тырысып жатқан полиция отрядтарына көмекке қарусыз әскери бөлімшелер тартылды.
Наразылық білдіруші топтың бірі мемлекеттік хабар тарату копорациясын басып алған көрінеді.
Акцияға қатысушылар премьер-министр Йинглак Чинаватты қуғында жүрген өзінің ағасы, яғни Таиландтың қызметінен түсірілген бұрынғы үкімет басшысы Таксин Чинаваттың бұйрықтарын орындап отыр деп айыптауда.