Таиландта пілдер шеруі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтағы Аютт-хаяда 60 шақты піл қала көшелерімен жүріп өтті. 
None
None

Артынша жануарларға жемістерден мерекелік үстел жайылып, құрмет көрсетілді. Өйткені бүгін - пілдер күні.

Бұл мереке Таиландта 1998 жылдан бері тойланады. Жануарларды қорғау ұйымдарының белсенділері осы шара арқылы сүтқоректілер санының азаюы мен оларға қатыгездік көрсетілу мәселелеріне назар аударуды жоспарлаған.

Олардың айтуынша, соңғы уақытта пілдер корольдікке демалып келетін туристердің аттракционына айналған. Бүгінде елдегі жабайы пілдер 3 700-ге жетер-жетпес. Ал қолға бейімделгендердің саны 4 мыңнан асып жығылады.

«Болашақта пілдердің туристік индустрияда қолданылуы деректерін қысқартуға ниеттіміз. Қазірдің өзінде осында мекен ететін жануардың 30 пайызы адамдарды тасымалдамайтын болды. Келушілер енді оларды жуындырып, тамақ бере алады», -  пілдерді өсіру орталығының менеджері Лаитонгриен Мипан. 

Дереккөз: "Хабар 24" арнасы

Соңғы жаңалықтар