15:29, 20 Наурыз 2017 | GMT +5
Таиландта ресейлік 4,5 жыл визасыз өмір сүріп келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта өмір сүрген ресейлік Александр Данилов визалық режімді бұзғаны үшін тұтқындалды.
Бұл туралы дүйсенбі күні Бангкоктағы баспасөз мәслихатында Таиланд көші-қон басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Тханатхон Пхросунтхон мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.
«Көші-қон есептерін тексеру кезінде Данилов мырзаның Таиланд аумағында жүруге берілген рұқсат мерзімінің төрт жыл бұрын аяқталғаны анықталды. Бүгінге дейін ол Таиландта 4 жыл, 7 ай және 15 күн рұқсатсыз жүрген», - деді генерал.
Данилов визалық режім тәртібін бұзды деген айыппен тұтқындалды. Ол Таиландтан депортацияланады және есімі Таиландқа кіруге тыйым салынған «қара тізімге» енеді, деп хабарлады басқарма басшысы.