Таиландта ресейлік турист жоғалып кетті

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат -  Таиландтық   құтқарушылар  Пхукет аралындағы  Карон  Бич ауданында  жоғалған    ресейлік  туристі  іздестіруде,
None
None

деп    хабарлайды ҚазАқпарат  РБК  агенттігіне  сілтеме  жасап.

30 жастағы турист  дауыл  кезінде  теңізге  батып  кетуі мүмкін деген пайымдау  бар.  Турист  ізделіп жатқан  аумаққа толқындардың биіктігіне байланысты  жалаулар қойылып,      ол  маңайға   шомылуға   тыйым  салынғанына  бірнеше апта  болған.

Жергілікті  баспасөздің  жазуынша,  бұл ескерту    жүзгіштерді  тоқтатпайтын көрінеді.   Соңғы    айларда  бұл     маңда  10 адам суға батып  кеткен.

Соңғы жаңалықтар