11:32, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Таиландта тағы бір адам Зика вирусын жұқтырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың солтүстік-шығысында тағы бір адам Зика вирусын жұқтырған.

Дүйсенбіде таиландтық Удонтхани провинциясының билігі хабарлағандай, осы елдің азаматы Тайвань әуежайында ауру белгілерімен тоқтатылды, деп жазды ТАСС.
«Вирустың таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Науқастың отбасы мүшелері дәрігерлер бақылауында», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мит Прасаннакарн.
Биыл Таиландта Зика вирусы үшінші рет тіркелді. Қаңтарда Удонтхани провинциясынан ер адам жоғары температурамен Тайвань әуежайынан тоқтатылған. Кейіннен Бангкокта тағы бір науқас анықталды.