Таиландта тербелісі 6,0 жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың солтүстігінде дүйсенбі күні мәскеу уақыты бойынша 15:08-де күшті жер сілкінісі болды. Нақты деректерге сүйенсек, оның тербелісі 6,0. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің кіндігі провинциямен аттас әкімшілік орталығы - Чиангарай қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпулері шамамен мәскеу уақыты бойынша сағат 15:20-да Таиландтың орталық бөлігінде де сезілді. Таиланд астанасының көптеген тұрғындары шұғыл түрде үйлерін тастап, көшеге шықты.