11:42, 03 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Таиландта жағажай волейболынан ІІ Азиялық университет өтті
АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан 27-30 қараша күндері Таиландтың Ча-Ам қаласында Азиялық студенттер спорты федерациясы аясында ІІ Азиялық университет өтті.

17 елдің спортшылары қатысқан бұл байрақты бәсекеде ерлер арасында да, әйелдер арасында да жарыс қожайыдарының мерейі үстем болды. Олар алтын және қола жүлдені де өздерінде алып қалды. Ал күміс медальді әйелдер арасында жапондықтар, ерлер арасында омандықтар иеленді. Енді келесі ІІІ Университет ойындары Қытайдың Жиаонан (Jiaonan) қаласында өтпек.
Таиландтағы бұл дүбірлі дода кезінде, яғни 28-29 қараша күндері Азиялық студенттер спорт федерациясының жетінші Бас ассамблеясы да өтті. Ол биыл аталмыш федерацясының құрылғанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.