Таиландтағы танымал курортта өрт шығып, 11 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Пхукет курорттық аралындағы төрт қабатты ғимаратта болған өрттен 11 адам қаза тауып, тағы 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды CNA агенттігі.
Таңертең мотоцикл жалдау орны орналасқан коммерциялық ғимараттан өрт шығып, жалын өзге бөлмелерге тараған. Өртті ауыздықтауға мамандар екі сағаттай уақыт жұмсады.
Өрт сөндірілгеннен кейін ғимараттан қаза тапқан 11 адамның денесі табылды. Олардың арасында Таиланд пен Мьянма азаматтары бар. Ал өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ түтінге уланып, сынған әйнек сынықтарынан жарақат алған тағы 16 адам ауруханаға жатқызылды. Reuters агенттігінің полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандар мен жараланғандар арасында туристер жоқ.
Таиландтағы барлар мен түнгі клубтардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы көптен бері қоғам назарын аударып келеді. Шілде айында Бангкоктағы адам лық толы барлардың бірінде өрт шығып, 40-қа жуық адам қаза тапты.
Билік өкілдерінің мәліметінше, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.
11 people have died and 36 reportedly injured following a major fire in Patong, Phuket, in the early hours of 16 November. The fire broke out at around 03:20am at a commercial building on Phang Muang Sai Kor Road and spread to neighbouring buildings. Firefighters brought the blaze under control after approximately 40–50 minutes. Authorities are investigating the incident. #thailand #phuket #fire #patong #ไฟไหม้ #ป่าตอง
— Thai Enquirer (@ThaiEnquirer) November 16, 2026
Бұған дейін Қытайдың солтүстігіндегі ғимарат өртеніп, 14 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.