Таиландтағы аза тұтуға байланысты алматылық боксшының кездесуі кейінге қалдырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат. - Тай боксымен айналысып, Паттайяда өмір сүретін алматылық Джафар Габбасов Таиланд королі Пхумипон Адульядет қайтыс болғаннан кейінгі ел өмірі туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

2013 жылдан бері Джафар тай боксымен айналысады. Алғашында туған қаласы Алматыдағы жаттығуға барып жүрді. 2015 жылы мектепті бітірген соң, ол кәсібилердің қол астында жаттығу үшін Таиландқа кетті. Жас жігіт алты ай Бангокта өмір сүрді және соңғы 10 айда Паттайяда өмір сүріп, жаттығып жатыр.

19 жастағы Джафар жергілікті телеарналарда көрсетілетін жекпе-жектерге Қазақстанның атынан шығады. Осы уақытта 12 кәсіби айқас өткізген Джафар 8 рет жеңіске жеткен.

21 қазан күні жас жігіт рингке шығуы тиіс еді. Алайда, бұл елде аза тұтылуына байланысты жекпе-жек кейінге қалды. Алматылықтың айтуынша, тай телеарналарына 30 күнге бокс кездесулерін ұйымдастыруға және трансляциялауға тыйым салынды.

Еске сала кеткек, 13 қазанда Таиланд королі Пхумипон Адульядет 89 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 70 жылдан астам тақта отырып, қазіргі заманғы ең ұзақ билікте отырған монарх ретінде тарихта қалды.

Елде 1 жыл аза тұту жарияланды. Таиланд Премьер-министрі Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күнде кез келген ойын-сауық шараларынан аулақ болуға шақырды. Басылымдардың хабарлауынша, жеке туристік аймақтар мен кей дүкендер жабылған. Енді бір дүкендер ішімдік сатуды тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар