Таиландтағы ҚР Елшілігі ұсталған С.Пармановты депортациялау жөніндегі құжаттарды ресімдеп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд Корольдігінің Чонбури провинциясында 21 шілдеде елдің көші-қон полициясы Интерпол желісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Парманов Сырым Арсенбекұлын ұстады. 31.08.1978 жылы туған азаматты әйелді зорлап өлтіріп, көлікті айдап әкеткені үшін Алматы облыстық ІІД іздеуге жариялаған.

22 шілдеде сот отырысы өтті. Оған Таиландтағы Қазақстан консулы қатысты. Сот шешімімен Парманов Сырым Арсенбекұлы Таиланд Корольдігінің көші-қон ережесін бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Оған 3 000 бат көлемінде айыппұл салынды. Кейін ол бұл елден шығарылады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазір ұсталған күдікті Паттайя қаласының полиция учаскесіне қамалды. Кейін Бангкок қаласының көші-қон қызметіне тапсырылады. ҚР консулымен кездескен С. Парманов дені сау, өзін жақсы сезінетінін айтқан.

Таиландтағы Қазақстан Елшілігі еліміздің азаматын депортациялау бойынша тиісті құжаттарды ресімдеумен айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram