Таиландтағы күшті нөсер жауын су тасқынына әкеп соқты

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таиландтың оңтүстігіндегі күшті нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны көтерілді, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Таиландтағы күшті нөсер жауын су тасқынына әкеп соқты

Ондаған ірі қалалар суға батты, көшелерде көлік қозғалысы тоқталды. Су үсті-үстіне ағып келіп жатыр. Ел өкіметі тұрғындарды зардап шеккен аймақтардан көшіруде, сондай-ақ тау жыныстары ығысуы ықтимал таулы аудандардың тұрғындарын да көшірудің мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.