Таиландтағы пілдер қайтыс болған корольге бас иді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайланд астанасы Бангкокта қайтыс болған корольді еске алу үшін ақ түспен боялған пілдер шеруі ұйымдастырылдыі, деп хабарлайды BFMTV.
Рәсімге 11 жануар қатысқан. Олар қала көшелерімен король сарайына дейін жүріп өтіп, дүниеден өткен монархқа бас иді.
Еске сала кетсек,Таиланд королі Пхумипон Адульядет 88 жасында ағымдағы жылғы 13 қазанда қайтыс болған еді. Осыған байланысты елде бір жылға аза тұту жарияланды