Таиландтағы теміржол апатында жеті адам мерт болды

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Таиландтағы теміржол апатында жеті адам мерт болды, 60-тан астам адам жарақат алды. Мерт болғандардың барлығы да әйел адамдар,

Таиландтағы теміржол апатында жеті адам мерт болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 4:45-те Трангтан Бангкокқа кетіп бара жатқан №84 жолаушылар пойызы Хуа-Хин шипажайына жақын маңда рельстен шығып кеткен. 15 вагонның 5-еуі аударылған.

Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Апат орнындағы құтқарушылардың жұмыстарын нөсер жауын қиындата түсуде.